Ақтөбеде 279 сынып карантинге жабылған

989

Бір тәулікте 19 оқушыдан коронавирус инфекциясы анықталып, 17 сынып оқушысы карантинге жіберілді. 

Ақтөбеде 279 сынып карантинге жабылған

Ақтөбеде барлығы 279 сынып карантинде, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ақтөбе облысы бойынша бір тәулікте тағы 97 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Олардың арасында оқушылар, студенттер мен балабақша тәрбиешісі, мұғалімдер де бар. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхтар Сербаев айтты.

"Бір тәулікте вирус жұқтырған науқастардың 69-ы ересектер болса, 18-і бала, 10-ы жасөспірім. Вирус жұқтырғандармен байланыста болған 400-ден астам адам оқшауланды", – деді Мұхтар Сербаев.

Жалпы облыстық инфекциялық стационарларда 464 адам жатыр. Оның 60-ы жансақтау бөлімінде. Тынысы тарылған 17 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылды.

"Қазір 65 жүкті әйел, 199 бала бақылауда болса, оның ішінде үш бала, 21 жүкті келіншек стационарда ем қабылдап жатыр. Инфекциялық кереует жүктемесі 51%-ды құрап отыр. Стационарларға түскен адам саны азайып, біз ауруханалардағы кереует санын азайтып жатырмыз. Әзірге ешқайсысы жабылмайды", – деді Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров.

Бір тәулікте 12 адам коронавирус инфекциясынан көз жұмды. Айта кетейік, өңір "сары" аймақтар қатарында. Бірер күнде шектеу шарасы жеңілдейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу