Заңсыздық Жайсаң автокөлікті бақылау бөлімінде анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ресейге бағыт алған транзиттік жүк көлігін тексеру кезінде сусын қораптары (22 тоннаға жуық Coca-Cola сусыны) арасынан адамдар табылды.
"Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтпек болған 29 шетел азаматы анықталды. Осы оқиғадан соң Қылмыстық кодекстің 394-бабы (Заңды емес көші-қонды ұйымдастыру) бойынша ҰҚК Шекара қызметі Ақтөбе облысы бойынша департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады", - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу