Ақтөбеде 3 және 5 жастағы екі бала суға батып кетті

210

Қайғылы оқиға 10 тамызда Ақтөбе қаласының Алматы ауданына қарасты Ясное-2 тұрғын алабында болды. 

Ақтөбеде 3 және 5 жастағы екі бала суға батып кетті Фото: Актобе Таймс

2020 және 2022 жылы туған балаларды іздеуге облыстық төтенше жағдайлар департаментінің күштері жұмылдырылды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Облыстық ТЖД-нің жедел-құтқару жасағы олардың денесін шомылуға тыйым салынған аймақтан, жағадан шамамен 2 метр қашықтықта және 3 метр тереңдіктен тапты.

Құтқарушылар ата-аналар мен ересектерге су айдындарында балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуды ескертеді.

"Баланы аз уақытқа қараусыз қалдыру орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін. Шомылу тек құтқарушылар кезекшілік ететін, арнайы жабдықталған орындарда болуы тиіс", – деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу