Ақтөбе облысында 300-ге тарта студент Бердібек Сапарбаевтың стипендиясына ие болды, деп хабарлайды aktobenews.kz.
Ақтөбеде жақсы оқу үлгерімімен, ерекше көрсеткіштерімен, жетістіктерімен ерекшеленген, аз қамтылған отбасылардан шыққан жоғары және арнаулы оқу орындарының белсенді 285 студенті облыс әкімінің атаулы стипендиясына ие болды.
"Алдыңғы жылы облыс әкімінің стипендиясын дайындаймыз деп уәде бергенмін, міне мен өз сөзімде тұрдым", - деді облыс басшысы.
Университеттерде білім алатын 220 студентке 140 мың теңге, колледждерде білім алатын 65 студентке 80 мың теңге көлемінде стипендия табыс етілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу