Ақтөбеде 300 орындық провизорлық орталық жабылды

867

Ол аймақта эпидахуал нашарлаған жағдайда қайтадан ашылатын болып резервке сақталады.

Ақтөбеде 300 орындық провизорлық орталық жабылды

Ақтөбеде М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің А.Досжанова атындағы жатақханасында ашылған 300 орындық провизорлық орталық жабылды. Оның соңғы жазылып шыққан он жеті пациенті қалған ем-домдарын жергілікті емханаларында жалғастырады. 

"Орталық басында 600 адамға арналып ашылған еді. Олар науқас санына қарай төр корпусқа теңдей бөлінді. Бір айға жуық уақыт ішінде бізде 340 адам емделіп шықты. Жағдайы ауыр төрт науқас басқа ауруханаларға ауыстырылды. Ешқандай кісі шығыны болған жоқ. Осы уақыт ішінде үш жүз төсек орын пайдаланылмаған күйінде тұрды. Олар жүргізілген коммуникация, тыныс алдыратын, ИВЛ аппаратымен бірге тас-түйін тұрған, біз дәрілік препараттар мен медициналық жабдықтардың бәрін кері тапсырдық", - дейді провизорлық орталықтың бас дәрігері  Есенаман Нысанов.

Госпитальді жабуға дертке шалдыққандар санының 4 пайыздан 1,7 пайызға төмендеуі де әсер еткен. Ол аймақта эпидахуал нашарлаған жағдайда қайтадан ашылатын болып резервке сақталады. 

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Самат Данияровтың айтуынша, бүгінде облыстағы үш мың төсек орынның үштен екісі босап тұр. Ал ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қазіргі кезде Қазақстанда 7 провизорлық стационар мен бір инфекциялық стационар жабылып, жалпы саны 1 070 төсек-орын, сондай-ақ 6 провизорлық стационарда 855 орынға арналған кереует саны қысқаған.

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу