Ақтөбеде 49 адам ҰБТ тапсырмай-ақ студент атанды

485

Олар мұндай мүмкіндікке Қорғаныс министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігі арасында жасалған меморандум арқылы қол жеткізген.

Ақтөбеде 49 адам ҰБТ тапсырмай-ақ студент атанды Фото: inbusiness.kz

Ақтөбе облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің хабарлауынша, көктемде әскери борышын өтеп келген 49 жігіт жоғары оқу орнына тест тапсырмай-ақ қабылданған. Оларға Қазақстандағы 73 ЖОО-ның ішінен таңдау еркін өздеріне қалдырған. 

" 73 оқу орнының арасында Ақтөбедегі Т.Бигелдинов атындағы әскери әуе қорғаныс күштері институты мен М.Оспанов атындағы Ақтөбе медицина университеті де бар. Сарбаздардың екеуінің таңдауы – әскери институтқа түсті. Олар тегін оқып жатыр. Жалпы, әскерден келген сарбаз әскери билетін пайдаланып, екі жыл ішінде жоғары оқу орнына ақылы негізде  немесе тегін түсуге мүмкіндігі бар",- деді Ақтөбе облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары Мейрамбек Сақып.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу