Ақтөбеде 6 қабатты тұрғын үй өртенді

138

Зардап шеккендер жоқ.  

Ақтөбеде 6 қабатты тұрғын үй өртенді Фото: Видеодан скриншот

Ақтөбелік құтқарушылар өрттің таралуына жол бермеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Ақтөбедегі Тұрмағанбетов көшесінде алты қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан пәтердің балконы өртенді.

"Жедел келген өрт сөндіру жасақтары оттың пәтерге және жоғары орналасқан балкондарға таралуына жол бермей, өртті 4 шаршы метр алаңда сөндірді", – делінген ведомоство таратқан хабарламада.

Зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу