Ақтөбеде 60 келіден астам есірткі тәркіленді

814

Ақтөбеде 60 келіден астам есірткі тәркіленді

Ақтөбеде есірткі саудасымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Оларды тінту кезінде құны 24 млн теңге болатын 60 келіден астам есірткі заты тәркіленді, деп хабарлайды 24.kz.

Топтың ұйымдастырушысы 46 жастағы қала тұрғыны есірткіні Қызылордадан Ақтөбеге тасымалдаған. Ал топ мүшелері тұтынушыларға жеткізіп отырыпты. Бүгінгі күні қылмыстық топтың 55 тұрақты тұтынушысы анықталды. Аса ірі көлемдегі есірткі заттарын сақтау және тасымалдаумен айналысқан топты ұстау үшін облыстық ішкі істер басқармасының есірткі бизнесіне және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармалары бірігіп, жедел операция өткізген.

"Сонымен қатар тергеу амалдары барысында қылмыстық топтың есірткі сатудан түскен кірістен құны 28 млн тенгеден асатын жылжитын және жылжымалы мүліктер сатып алғаны мәлім болды. Бұл іске қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 262-бабының 1-ші, 2-бөлімдерімен және 297-бабының 4-бөлімімен және 218-бабымен сот алды тергеу амалдары басталды", - дейді облыстық ІІД ЕБҚК басқармасы бастығының орынбасары Нұрлан Таушанбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу