Ақтөбеде 7 бала қызылшадан емделіп жатыр

1032

Олардың бесеуі 1 жасқа толмаған.

Ақтөбеде 7 бала қызылшадан емделіп жатыр

Дәрігерлер балалардың денсаулығы туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Ақтөбе облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы 7 балаға ем жүргізіп жатыр. Олардың бесеуі 1 жасқа толмаған.

"Қазіргі кезде екі бала ауруханадан шығып, бесеуі ем қабылдап жатыр. Жағдайы тұрақты. Негізі бір бала Ақмола облысына барып, сол жақтан қызылша жұқтырып келген. Ақтөбеде басқа балаларға жұқтырды. Қызылшадан вакцина арқылы қорғануға болады. Екпе тек 1 жаста беріледі. Бес баланың жасы 1-ге толмағаны ескерілсе, ал 1 жастан асқан 2 балаға медициналық тұрғыдан вакцина беруге болмады", – деді Ақтөбе облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Майра Нұрғалиева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу