Ақтөбеде 7-сынып оқушысы жүкті болып қалған

1402

Оқушы қыздың зорлануы туралы фактіні полиция растаған жоқ.

Ақтөбеде 7-сынып оқушысы жүкті болып қалған Фото: pixabay.com

Қала жұрты Ақтөбе мектептерінің бірінде 7-сынып оқушысының зорланғаны туралы ақпарат тарата бастады. Полиция департаментінің баспасөз қызметі қыздың жүкті болғанын ғана растады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты жергілікті Aktobe Times порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл ретте полицейлер қыздың зорланбағанын, барлығы екі жақтың келісімімен болғанын алға тартады. Баспасөз қызметі 7-сынып оқушысының жігітінің жасын айтпай отыр.

"Зорлау фактісі расталған жоқ. Барлығы екі жақтың келісімімен болды. Қыз жүкті болып қалды. Қалай болғанда да қылмыстық іс қозғадық. Қалғанын әзірге қоса алмаймын", – деді полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу