Ақтөбеде 817 миллион теңгеге 560 жоба жүзеге асқан

993

Ақтөбеде 817 миллион теңгеге 560 жоба жүзеге асқан

Ақтөбе облысында  "Туған жерге тағзым" акциясы аясында 817 миллион теңгеге 560 жоба жүзеге асырылған. Бұл шараға облыс кәсіпкерлері белсене қатысты.

Ақтөбедегі  "Maximus" ЖШС директор, белгілі кәсіпкер  Қайрат Мәйтеков өзі оқыған  №3 орта мектепке 150 миллион теңге бөліп,  күрделі жөндеу өткізген. Сондай-ақ Қайрат Мәйтеков пен сол мектептің тағы бір түлегі,  ірі кәсіпкер Әлімбек Сейдуллаев ағылшын тіліндегі  30 томдық "Britannica" энциклопедиясын тарту еткен. Аталған кітап әлем бойынша 1000 данамен шығарылыпты. Сонымен бірге кәсіпкерлер өздері білім алған мектепке бұдан бөлек, сөйлеу тілін дамытуға арналған арнайы зертхананы сыйға тартқан. Бұл жерде әлемдегі 33 тілді меңгеруге болады екен. 

Жалпы облыстың барлық аудандарында осы бағыттағы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Кәсіпкерлер өз мүмкіндіктеріне қарай көмек беруде. Мемлекет бюджетінен тыс қаражатқа мектеп, балабақша секілді әлеуметтік нысандар бой көтеріп, жолдар мен көпірлер салынып жатыр.  

Акцияға бизнестегі әйелдер де өз үлесін қосты. Ел  Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 25 қайырымдылық акциясы өткізіліп, 1820 мұқтаж адамға көмек көрсетілген.

Сондай-ақ аймақтың әлеуметтік, экономикалық дамуына ірі жер қойнауын пайдаланушылар да өз үлестерін қосуда. Өткен жылы кәсіпорындар 2,4 миллиард теңге бөліпті.  Оның шінде "Қазхром ТҰК" АҚ, "Қазақойл Ақтөбе" ЖШС, "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ-ы бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу