Ақтөбеде 85 ауыл газдандырылады

1261

Ақтөбе облысын дамытудың кешенді жоспары шеңберінде жаңартылатын энергия көздерін дамыту, цемент өндіру зауытын, титан кендерін қайта өңдеу жөніндегі тау-кен байыту кешенін салу және басқа да ірі жобаларды іске асыру көзделген. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров сейсенбідегі үкімет сағатында мәлімдеді.

Ақтөбеде 85 ауыл газдандырылады

"Шетелдік инвесторларды тарта отырып, ерекше индустриялық аймақ құрылатын болады. Көптеген кәсіпорын экспортқа бағдарланады деп күтіліп отыр", – деді министр. 

Оның айтуынша, Бұқара-Орал магистральді газ құбырының үшінші желісін салу және 85 ауылды газдандыру, Ақтөбе қаласындағы кәріз-тазарту құрылыстарын жаңғырту және тұрғын үй құрылыс аумақтарында коммуникациялық желілер салу жоспарланды. 1 300 шақырымнан астам автомобиль жолы жаңғыртылады. 

Денсаулық сақтау мен білім беру қызметінің сапасын арттыру үшін қазіргі заманғы инфрақұрылым құрылады. 18 ауылда денсаулық сақтау нысаны салынады. 224 мектеп жаңғыртылады. Ақтөбе қаласында колледж студенттері үшін екі жатақхана салу жоспарланып отыр. 4,3 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. 

Ақтөбе облысын дамытудың жаңа кешенді жоспары құрылды. 2022-2025 жылдарға арналған бұл жоспар 92 іс-шарадан тұрады. Жалпы 1,7 трлн теңге жұмсалады, оның ішінде республикалық бюджеттен – 143,3 млрд теңге, жергілікті бюджеттен – 165,6 млрд теңге, жеке инвестициялар – 1,2 трлн теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу