Ақтөбеде 9-сынып оқушылары бала зорлаған

1893

4 оқушы жауапқа тартылуда.

Ақтөбеде 9-сынып оқушылары бала зорлаған

Ақтөбе облысында 1-сыныпта оқитын ер балаға 9-сыныптың төрт баласы зорлық көрсеткен. Балақайдың туыстары кінәлілер жазадан құтылып кете ме деп алаңдайды, оған да себеп жоқ емес, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

Бала осы оқиғадан кейін психологиялық күйзеліске ұшыраған. Онымен екі айдан бері мамандар жұмыс істеуде, бір апта ауруханаға да жатып шығады.

Жәбір көрген жеті жасар баланың әжесінің айтуынша, барлығы мектептегі бір ауысымнан екіншісіне ауысқан кезде басталған. Бала оны үлкен оқушылардың ұратынын айтып, білім ошағына барудан бас тартады. Әйелдің айтуынша, мектеп мұғалімдері мәселеге мән бермей, енжарлық танытқан. 

"Мен тек бұл балалар әлімжеттік жасап қойған шығар деп ойлаған едім. Бір күні сабақтан кейін оны жуындырмақ болсам, денесінің ауыратынын айтып, қол тигіздірмейді. Содан табандап сұраған кезде бәрін айтып берді. Оны мектеп дәретханасында балалардың бірі ұстап тұрып, қалғаны зорлық жасаған екен. Бұл кішкентай ғой, не болып, не қойғанын да түсінбеген", – дейді жәбірленушінің әжесі. 

Бұдан кейін зорлықшылар баланы "мұның үлкен құпия екенін" айтып алдап, біреуге айтатын болса бәрінің бірге сотталатынын айтып қорқытқан.

Қазіргі күні отбасы мүшелері бұл істің алға жылжуына қандай да бір кедергілер кездесіп отырғанын айтып, кінәлі тұлғалар жазаланбай қала ма деп қауіптенеді. Себебі, алғашында үш адам ғана жауапқа тартылып, баланың "бәрін ұйымдастырған мынау" деп көрсеткеніне қарамастан, төртіншісі біраз уақытқа дейін бостандықта алшаң басып жүреді. Себебін сұрағанда, тергеушілер "оның әкесімен бірге басқа жаққа кетіп қалғанын, келгесін барып ұстайтынын" айтқан. Сөйтіп, оны талап еткеннен кейін барып қана жауапқа тартады. Жәбірленушінің туыстары балалар обмундсмені Аружан Саинның көмегіне жүгінеді.

"Аталған дерек бойынша тергеу шаралары жүріп жатыр, қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Жас балаға қатысты нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 121-бабы, 4-бөлігімен тіркелген қылмыстық іс Ақтөбе облыстық полиция департаментінің бақылауында", - дейді ПД басшысының орынбасары Рафаэль Жанұзақов. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу