Ақтөбеде 90-жылдардағы той кортежі полиция назарына ілікті

334

Әлеуметтік желілерде 90-жылдардағы тойларды еске түсіретін бейнежазба қызу талқылануда. 

Ақтөбеде 90-жылдардағы той кортежі полиция назарына ілікті Фото: polisia.kz

Кадрларда сол кезеңнің стилінде безендірілген көліктер мен тойдың қарапайым көріністері бейнеленген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Мерекелік көңіл-күй жол қауіпсіздігі талаптарын сақтауға кедергі болмауы тиіс. Полиция қызметкерлері бейнежазбаға жүргізілген мониторинг барысында бірнеше көлік жүргізушісінің жол қозғалысы ережелерін бұзғанын анықтады. Атап айтқанда, жолаушыларды көлік кабинасынан тыс тасымалдау, сондай-ақ тәуліктің жарық уақытында сыртқы жарық беру аспаптары мен дыбыстық сигналдарды пайдалану талаптарын бұзу фактілері тіркелді.

Құқық бұзушылардың барлығы анықталып, олардың Қарғалы ауданының тұрғындары екені белгілі болды. Заң талаптарын бұзған азаматтар қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция қандай жағдай болмасын, жол қозғалысына қатысушылар қауіпсіздік талаптарын сақтауы қажет екенін еске салады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу