Ақтөбеде АӘК алған 204 отбасы 17 млн теңгені бюджетке қайтарды

1125

Қазір аймақта қайтадан тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Ақтөбеде АӘК алған 204 отбасы 17 млн теңгені бюджетке қайтарды Фото: kazpravda.kz

Ақтөбеде  атаулы әлеуметтік көмекке мұқтажбыз деген 204 отбасы тексерулерден кейін мемлекет қазынасына 17 млн теңге қайтарған. Бұл жайында облыс әкімімен жиында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағларламалар басқармасының басшысы Ербол Данағұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Atameken Business.

Айтуынша, қазір аймақта қайтадан тексеру жұмыстары жүргізілуде.

1227 отбасы табысын жасырып келген. 179 жеке кәсіпкер атаулы әлеуметтік көмекке өтініш берген. Оның 11-і кәсібі тоқтап қалғандар болса, 168-і жалақының ең төменгі көрсеткішінен аспайтын табыс иелері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу