Ақтөбеде Абай ескерткіші ашылды

1680

Оның биіктігі – 6,20 метр.

Ақтөбеде Абай ескерткіші ашылды

Ақтөбе қаласындағы Абай даңғылы мен Есет батыр көшесінің қиылысқан тұсынан Абай ескерткіші бой көтерді. Ескерткіш авторлары – ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Тоқтар Ермеков пен осы қалада бұған дейін Жалаңтөс Баһадүрді, Бөкенбай батыр мен Әлия Молдағұловаларды мүсіндеген Жеңіс Жұбанқосов. Ескерткіштің биіктігі 6,20 метр құрайды, оның ішінде 2,40 метрі тастұғырға жұмсалған. 

Ескерткіштің ашылу салтанатына ҚР Жазушылар Одағының басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулет, ақын Ақұштап Бақтыгереевалармен қатар ШҚО Абай ауданының әкімі Жарқынбек Байсабыров та келген. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин өз сөзінде биыл Абайдың 175 жылдығына орай аймақта көптеген шаралар жоспарланғанын, алайда пандемия салдарынан олардың бірқатары кейінге шегеріліп, тағы бірнеше шара түрлі форматта жүзеге асып жатқанын атап өтті. 

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу