Ақтөбеде көлігімен әйел адамды қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен полиция қызметкері ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өңір полициясының дерегінше, көлік апаты 15 сәуірде болған. Сағат 00.30 шамасында Рысқұлов көшесіндегі үйдің жанында белгісіз жүргізуші әйелді қағып кетіп, оқиға орнынан ізін жасырған. 55 жастағы әйел алған жарақатынан көз жұмды.
Көліктің сол жерде түсіп қалған бөлшектеріне қарап, полицейлер оның маркасы мен түсін анықтады. Камераларды тексере келе автокөліктің мемлекеттік нөмірі де табылды.
Екі күннен кейін, 17 сәуірде қашып кетіп, бой тасалап жүрген жүргізуші ұсталды. Ол 41 жастағы полиция қызметкері болып шықты. Ол істеген ісін мойындап, күдікті қамауға алынды.