Ақтөбе тұрғыны ішкі ағзасын 9 млн теңгеге сатпақ болған

702

Ақтөбеде прокуратура адамның ішкі ағзаларын заңсыз сатуға оқталу әрекетін анықтады.

Ақтөбе тұрғыны ішкі ағзасын 9 млн теңгеге сатпақ болған Фото: gov.kz

Ақтөбе облысы прокуратурасымен әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында "E" есімді азаматтың өзінің ішкі ағзаларын сатуы бойынша ықтимал мәміле жасау туралы ақпарат алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2024 жылдың 25 қыркүйегінде прокуратураның бастамасымен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шарасы аясында, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өзінің ішкі ағзаларын 9 млн теңгеге заңсыз мәміле жасау арқылы сатпақшы болған "E" есімді азаматты ұстады.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 116-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу