Ақтөбеде әйел 2 баласын өлтірді деген күдікке ілікті

177

Қылмыстық оқиға Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласында тіркелді.

Ақтөбеде әйел 2 баласын өлтірді деген күдікке ілікті Фото: Pixabay.com

Қазір әйел ұсталып, қамалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.   

 Полиция 2 баланың мерт болғанын анықтады.

– Олардың өліміне күдікті ретінде анасы, Атырау облысының тұрғыны ұсталды. Әйел босанғаннан кейін күйзелісте болған. Қылмыстық іс қозғалып, әйел уақытша тергеу изоляторына қамалды. Тергеу полиция бастығының бақылауында, – деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.

Балалар 3 жаста және 11 айлық болған. Әйелдің Атыраудан Қандыағашқа қонаққа келгені белгілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу