Ақтөбеде әйел сегізінше қабаттан секірмек болды

678

Бұл әрекет балаларының көзінше жасалған.

Ақтөбеде әйел сегізінше қабаттан секірмек болды

Ақтөбеде  35 жастағы көпбалалы ана балаларының көзінше 8 қабаттан секіріп кетпек болған. Ол өз-өзіне қол жұмсамақ ниеті барын айтып, алдын-ала БАҚ өкілдерін де шақырады. 

"Көпқабатты үйдің 8 қабатының балконынан 1985 жылғы әйел адам секіргелі жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Осыған байланысты құтқару қызметі жедел түрде жіберілді. Келіссөз барысында құтқарушылар мен полицейлер жедел қимылдап, азаматша құтқарылды", – деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі. 

Құтқарушылардың бір тобы сыртта баспалдақпен көтеріліп, екінші тобы пәтерге еніп, әйелді ішке кіргізіп алған. Белгілі болғандай, әйелдің мұндай қадамға бармақ болуына тұрмыстық жанжал себеп болған. Қазіргі күні ол медициналық орталыққа жатқызылған. Өкінішке қарай, болған жайдың бәріне отбасындағы балалар куә болып, көріп отырыпты.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу