Ақтөбеде көлігін сатуға шыққан әйелді өлтірген жігіт сотталды

165

Сот үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, оған 22 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.    

Ақтөбеде көлігін сатуға шыққан әйелді өлтірген жігіт сотталды Фото: www.kazan.kp.ru

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кісі өлтірген күдіктіге қатысты іс қаралды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"Күдікті У. жәбірленуші С.-ны көлікте жүргізушінің қауіпсіздік белдігімен тұншықтырған. Сөйтіп ол жәбірленушіні өлтіріп, оның 150 мың теңге тұратын алтын алқасы мен Toyota Camry автокөлігін иемденген. Күдікті жәбірленуші С.-ның жеке басын анықтауды қиындату үшін оның бетін пышақпен тіліп, мәйітін ауылдық жолдың жанындағы бұталар арасына тастап кеткен.

Сотталушының кінәсі жәбірленуші өкілінің, куәгерлердің, сарапшылардың айғақтарымен, оқиға болған жерді тінту және қарау хаттамаларымен, сараптамалардың қорытындыларымен және алынған заттай дәлелдемелермен расталды.

Жәбірленушінің талап арызы ішінара қанағаттандырылды. Сонымен, сот полиция департаментінің басшылығына тиісті шара қолдану үшін жекеше қаулы шығарды", – делінген сот хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу