Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әкімдік қызметкерінің атышулы кісі өлтіру дерегі бойынша үкім шықты. Олар жоғалған әйелді бірнеше күн бойы іздеп, 35 пышақ жарақатымен таксидің жүксалғышынан тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.
Облыс әкімдігінің 47 жастағы қызметкерін қатыгездікпен өлтіру оқиғасы ақпан айының аяғында болған.
Ол кезде әдениет бөлімінің бас маманы үйінен жұмысқа шығып, хабарсыз кеткен. Бір күннен кейін туыстары әйелге іздеу жариялады, ал келесі күні оның мәйіті басқа біреудің көлігінің жүк салғышынан табылды. Сот-медициналық сараптама марқұмның денесінен 35 пышақ жарақаты болғанын растады. Кісі өлтірді деген күдікпен 29 жастағы такси жүргізушісі қамауға алынды.
"11 жыл - ең жоғары мерзім, сот оны ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Сіздер сотталушыдан 10 млн теңге өтемақы өндіріп алуды сұрадыңыздар, бірақ оның жағдайын ескере отырып, сот 8 млн теңге көлемінде моральдық шығын сомасын қалдыру туралы шешім қабылдады", - деп түсіндірді қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот судьясы Нұрлан Бақтығалиев.
Анықталғандай, өлтіруші мен жәбірленуші таныс болып, қылмыс болған күні олардың арасында жанжал шығып, оның соңы қайғылы оқиғаға алып келген.
Марқұмның артында 16 және 18 жастағы екі қызы қалды. Оның отбасы сот шешімімен келіспеді.
Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ. Жәбірленуші тарапқа апелляциялық шағым беру үшін 15 күн бар.