Ақтөбеде ақша бопсалаған студенттер сабақ үстінде ұсталды

243

Күдіктілер кінәсін мойындап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақтөбеде ақша бопсалаған студенттер сабақ үстінде ұсталды Фото: polisia.kz

Ақтөбеде 18 жастағы 2 жігіттен 100 мың теңгеге жуық ақша бопсалаған 3 студент ұсталды. Полиция оларды дәріс залынан алып шықты.

– Полиция қызметкерлері студенттер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында күдіктілерді университеттегі дәріс барысында ұстады. Бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Ұсталғандар кінәсін мойындады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу