Ақтөбеде алаяқ 83 жастағы зейнеткерді 2 млн теңгеге алдаған

553

Күдіктіні іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Ақтөбеде алаяқ 83 жастағы зейнеткерді 2 млн теңгеге алдаған Фото: polisia.kz

Ақтөбе облысында полиция 83 жастағы зейнеткерді алдаған алаяқты іздеп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

15 мамырда 83 жастағы зейнеткердің телефонына белгісіз адам қоңырау шалып, өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған.

Алаяқ зейнеткердің қызы жолдан өткенде көлік апатына ұшырағанын, апаттан зардап шеккен адамға шұғыл операция жасау үшін ақша керектігін айтқан.

"Әңгіме барысында әйел, тіпті, қызының көмек сұраған дауысын естіген. Біраз уақыттан кейін курьер зейнеткердің тұрғылықты жеріне келіп, 2 млн теңге алып, оны қызының жағдайы жақсы екеніне сендірген. Алайда 83 жастағы жәбірленуші алданғанын кеш түсінген", - деп жазылған хабарламада.

Ақтөбе облысының ПД қызметкерлері алаяқты іздеп жатыр.

Фотосуреттегі адамды танығандар 8-775-320-32-22, 8-776-780-48-18 нөміріне хабарласа алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу