Ақтөбеде танысын 24 млн теңгеге алдаған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің дерегінше, 26 жастағы ақтөбелік танысына кәсіпкерлікті дамыту қорының бірінен кредит алуға көмектесемін деп уәде берген. Ол әйелден осы қызметі үшін 24 млн теңге сұраған.
Жәбірленушінің айтуынша, 26 жастағы жігіт банктің қосымшасы арқылы өз шотына ақшаны аударған.
"Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Оның осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Бүгінде бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы ("Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп жазылған хабарламада.
Күдіктінің кінәсі сотта дәлелденсе, ол 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылуы мүмкін.
Полицейлер тұрғындарға сақ болуға кеңес береді.