Ақтөбеде алаяқ зейнеткердің шотынан 1 млн теңгеден астам ақшасын алып алған

490

Белгісіз адам зейнеткерге қоңырау шалып, өзін банк қызметкері ретінде таныстырған. 

Ақтөбеде алаяқ зейнеткердің шотынан 1 млн теңгеден астам ақшасын алып алған Фото: tengrinews.kz

Ақтөбе қаласының зейнеткері интернет-алаяқтықтың құрбаны болып, қомақты қаржысынан айырылды,  деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жергілікті тұрғын алаяқтық фактісі туралы полицияға арызданған. Ол өз шағымында белгісіз адам оған телефон соғып, өзін банк қызметкері ретінде таныстырғанын айтқан.

"Бұл ретте жалған қызметкер өтініш берушінің толық сауалнамалық деректерін біліп, зейнеткердің сеніміне кірген. Зейнеткер өзінің атынан несие алуға тырысып жатқанын айтқан алаяқты мұқият тыңдап, алаяқтың барлық нұсқауларын орындаған. Алаяқ банк бұл мәселені өз бетінше шеше алатынына сендіріп, ол үшін SMS-кодты айтуын сұраған. Алаяқтар зейнеткердің шотынан бір млн теңгеден астам ақша шешіп алған", - деп жазылған хабарламада.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу