Ақтөбеде алаяқтар бір әйелді алдамақ болған

283

Алаяқтар WhatsApp арқылы қайта байланысқа шыққан.  

Ақтөбеде алаяқтар бір әйелді алдамақ болған Фото: Бейнероликтен

Ақтөбе қаласының прокуратурасы интернет-алаяқтықтың кезекті әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұған дейін, шілде айының басында азаматша Ж. Мамедоваға алаяқтар қоңырау шалып, алдау арқылы оның ақшасын иемденуге әрекет жасаған. Прокуратура қызметкерлерінің уақтылы араласуының арқасында алаяқтықтың алдын алған.

Алайда 30 шілдеде азаматшамен қайта профилактикалық жұмыс жүргізу кезінде алаяқтардың оны WhatsApp арқылы қайта байланысқа шығаруға тырысқаны анықталды. Олар түрлі сыйлықтар ұсынатынын айтып, әйелдің сеніміне кіруге әрекет жасаған.

Прокуратура қызметкерлері жағдайды дер кезінде анықтап, алаяқтар пайдаланған телефон нөмірлерін бұғаттау бойынша тиісті шаралар қабылдады.

Прокуратура азаматтарды бейтаныс адамдардың сыйлық немесе ақша ұсынуына бірден сенбеуге шақырады. Жеке деректерді, банк картасының реквизиттерін және SMS-кодтарды бөгде адамдарға беруге болмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу