Ақтөбеде алаяқтар зейнеткердің 15 млн теңгесін алдап алған

397

3 алматылық күдікті ұсталып, изоляторға қамалды

Ақтөбеде алаяқтар зейнеткердің 15 млн теңгесін алдап алған Фото: Polisia.kz

Ақтөбеде зейнеткерлерді алдап, ірі көлемдегі ақшасын иеленген алаяқтар ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

13 шілде 84 жастағы қала тұрғыны полиция бөліміне алданғанын айтып арызданды. 

Зейнеткердің айтуынша, белгісіз тұлғалар қызының жол апатына тап болғанын және оған ота жасау үшін ірі көлемде ақша қажет екенін айтқан. 

Ақшаны аудару кезінде 3 алматылық күдікті ұсталып, изоляторға қамалды.

Ұсталғандардан 15 млн теңге тәркіленді, олар банк терминалы арқылы ақшаны сыбайластарының шотына жібермек болған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу