Ақтөбеде өткен халықаралық конференцияға әлемнің 120-дан аса көрнекті ғалымдары жиналды, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың стратегиясы – аймақтық дамудың драйвері" халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Конференция жұмысына әлемнің 15 мемлекетінен, соның ішінде ҚХР, Оңтүстік Корея, Түркия Республикасы, Индия Республикасы, Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен, сонымен қатар, Қазақстанның жиырма жоғары оқу орнынан келген 126 ғалым қатысты.
Өңір басшысы сондай-ақ, ақтөбелік жастарды ұлттық салт-дәстүрді сақтап, заманауи жоғары білім алуға, бәсекелестікке қабілетті маман және Отанының патриоты болуға шақырды.
Елбасы кітапханасы директорының бірінші орынбасары, саяси ғылымдарының докторы, профессор Әмірхан Рахымжанов "Президент Нұрсұлтан НазарбаевтыңҚазақстан өңірлерінің дамуы жөніндегі стратегиясы" тақырыбында баяндама жасады.
"Тарихи үдерістің тұрғысынан алғанда, 27 жыл қысқа уақыт кезеңі болып табылады, бірақ елдің саяси, экономикалық және әлеуметтік салаларындағы өзгерістер қарқынының өскені соншалық, бұл өзгерістердің ауқымы 90-жылдардың басында жас мемлекеттің алғашқы қадамдарына куә болған адамдарды таң қалдырмай қоймайды. Президент жүргізіп отырған саясаттың негізгі постулаты әрқашан елдегі бейбітшілік пен келісімді сақтау болды. Алғашқы күндерден бастап реформалардың әлеуметтік бағдарлануына баса назар аударылды. Мемлекет басшысына шешімдерді уақытылы қабылдауға, уақыттың қиындықтарына жауап беруге, жағдайды өте қиын кезде түзетуге тура келді. Сонымен бірге Нұрсұлтан Назарбаев әрқашан жауапкершілікті өзіне алды", - деді профессор.
Өз сөзінде ол конференцияны Қазақстан елордасының 20 жылдығын мерекелеу жылы өткізудің символдығын атап өтті.
Конференцияға қатысушылар Қазақстан аймақтарын дамыту бойынша Н.Ә.Назарбаев стратегиясының мәнмәтінінде әлемдік қоғамдастықтағы Қазақстанның беделі мен халықаралық мәртебесін арттыру факторы ретінде Тұңғыш Президент – Елбасының ішкі саяси бастамалары мен этникааралық, конфессияаралық келісім мен рухани даму, "Президенттің бес әлеуметтік бастамасы" жобасы, Мемлекет басшысының "Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту" бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру саласындағы ғылыми зерттеулер нәтижесін талқылады.