Ақтөбеде алғаш рет Азия деңгейіндегі кәсіпқой бокс кеші өтеді

1321

Кәсіпқой бокс кешінде Тәжікстан, Ресей, Қырғызстан, Белоруссия, Әзірбайжан, Филиппин және Қазақстан спортшылары жекпе-жекке шығады. 

Ақтөбеде алғаш рет Азия деңгейіндегі кәсіпқой бокс кеші өтеді

Ақтөбеде алғаш рет Азия деңгейіндегі кәсіпқой бокс кеші өтеді. Бұл туралы Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

15 қыркүйек күні "Қоныс" спорт кешенінде 22 кәсіби былғары қолғап шебері қатысатын кәсіпқой бокс кеші өтеді. Аталмыш іс шараны Ақтөбе облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен "TUKESHOV BOXING PROMOTIONS"  компаниясы ұйымдастырып отыр.

"Кәсіпқой бокс кешінің қатысушылары ретінде Тәжікстан, Ресей, Қырғызстан, Белоруссия, Әзірбайжан, Филиппин және Қазақстан спортшылары болады. Көрермендер 11 толық жекпе-жекті тамашалайды. Шаршы алаңда еліміздің намысын Ибрагим Ескендір, Уалихан Бисенқұлов, Арман Рысбек, Руслан Мырсатаев сондай-ақ, ақтөбелік Дастан Садуұлы мен Медет Айдос қорғайтын болады. Кештің басты жекпе-жегінде Бобыржан Момынов WBC нұсқасы бойынша Азия чемпионатының атағы мен NBA нұсқасы бойынша Inter - Continental чемпионы атағы үшін күреседі", - деді басқарма басшысы.

Бұл шараның құрметті қонақтары ретінде кәсіби бокстан WBA ABCO Continental нұсқасы бойынша Әлем чемпионы Қанат Ислам, WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы Жанат Жақиянов, бокстан Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев және Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов қатысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу