Ақтөбеде алғаш рет мəйіттен бүйрек трансплантациясы жасалды

808

Ақтөбеде алғаш рет мəйіттен бүйрек трансплантациясы жасалды

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтің айтуынша, бұған дейінгі жасалып келе жатқан оталардың барлығында науқастардың ағайын-туыстары  донор болған.  Ал бұл жолғы отаның жөні бөлек. Инсульттен көз жұмған азаматтың екі бүйрегі ұзақ жылдардан бері гемодиализге таңылған екі науқастың өмірін ұзартуға себеп болды.

Науқастың бірі —  34,  екіншісі — 31 жаста. Екеуі де бірнеше жылдардан бері аппарат арқылы өмірлерін ұзартып келеді.

"Қазір науқастардың жағдайы жақсы. Бəрі  ойдағыдай болса, олар  гемодиализге деген тәуелділіктен құтылады. Жалпы бұндай ота аймақтарда  бірінші рет жасалып отыр. Бұрын респуликада тек Алматы мен Астана қаласында жасалатын",  — деді Әсет Қалиев.

Жалпы облыста бүйрек ауыстыруды қажет ететін 156 науқас тіркеуде тұр. Олардың барлығына донор қажет.

"Бұл мәселені шешу үшін қазір халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Мәселен, жол апатына ұшырап, көз жұмған адамның ми қызметі тоқтағанмен, жүрегі соғып тұрады. Осы кезде ол белгілі бір кезеңге дейін өмір сүреді. Сол уақытта туған-туыстары келісім берсе, азаматтың дене мүшелерін донорлыққа алып, өзгелердің өмірін ұзартуға болады", — дейді Әсет Қалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу