Ақтөбеде алғаш рет триатлоннан ел чемпионаты өтуде

659

Бүгін Ақтөбеде "Тұңғыш Президент" атындағы саябақта триатлоннан ҚР Чемпионаты мен ҚР Кубогі  ІІІ кезеңінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. 

Ақтөбеде алғаш рет триатлоннан ел чемпионаты өтуде

Қаланың 150 жылдығына орай  ұйымдастырылған спорттық шарада облыс әкімі Оңдасын Оразалин көпшілікті республикалық сайыстың ашылуымен құттықтады, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Жарыстың алғашқы  күні  кәсіпқойлар өзара бақ сынаса, жарыстың екінші күні әуесқойлар арасында өткізіледі. Триатлоннан Қазақстан Республикасы Чемпионаты аясында Elite және U17 санатындағы (кәсіпқой) спортшылар "супер-спринт" қашықтықтығын бағындырса,  дистанция үш кезеңнен құралатын болады: 300 м жүзу + 8 шақырым веложарыс + 2 шақырымда жүгіру.

Триатлоннан Қазақстан Республикасы Кубогі ІІІ кезеңінің аясында Elite және санатындағы (кәсіпқой) спортшылар "стандарт" қашықтықтығында бақ сынайтын болады. Дистанция үш кезеңнен құралады: 1500 м жүзу + 40 км веложарыс + 10 шақырымда  жүгіреді.

Триатлоннан "TEMIRADAM" Кубогінің V кезеңі – қалың бұқараға триатлон мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Age Group санатындағы (әуесқойлар) арасында  өткізіледі.

"Спринтерлік" қашықтықтағы әуесқойлар додасы үш кезеңнен құралып, олар 750 м жүзу + 20 шақырым  веложарыс + 5 шақырым жүгіріп өтеді.

Айта кетсек, триатлон – жүзу, веложарыс және жүгіру секілді жекелеген спорт түрлерінен құралған мультиспортивті циклдық олимпиадалық спорт түрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу