Ақтөбеде шайынды су құйылатын бекет іске қосылды

985

Ақтөбеде шайынды су құйылатын бекет іске қосылды

Ақтөбеде алғашқы шайынды су бекеті өз жұмысын бастады. Кірпішті ауылында орналасқан жаңа нысанды облыс әкімі Бердібек Сапарбаев көріп  қайтты, деп хабарлайды Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

"Ақбұлақ" АҚ президенті Асан Ыбыраевтің айтуынша Ақтөбе қаласы тұрғындарының 20  пайызы орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылмаған үйлерде тұрады және септик деп аталатын әжетқұдықтарды пайдаланады. Сондықтан, аталмыш ағынды бекетін іске қосу өте маңызды, себебі оның қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға қосатын үлесі зор.

"Бұрын септиктердегі кәріз суларын бейімделген жерлерге құятын. Енді тұрмыстық қалдықтар осы бекеттерге төгілмек. Біз барлық тазартқыш машиналардың қалдықтарды белгілі бір жерлерге төгуін мұқият қадағалап отыратын боламыз", - деді Асан Ыбыраев.

Соңғы үлгідегі бекет - бір мезетте бес ассенизациялық машинаны қабылдай алатын жабық ғимарат. Мұнда барлық лас сулар техникалық сумен араластырылады. Оларды ағызып болған соң ассенизациялық цистерналар мұқият жуылып, белсенді хлормен залалсыздандырылады. Жүзеге асырылатын барлық технологиялық үдерістер толықтай механикаландырылған және герметикалық. Жоба құны шамамен 109 млн теңге.

Тағы екі бекет Промзона мен 41 разъезд аудандарында салынып жатыр. Оларды келесі айда пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Бекеттердің құрылысы Ақтөбе қаласындағы экологиялық жағдайды жақсартудың кешенді жоспары аясында жүргізілуде және тазартқыш машиналардың жұмыс жасауына жағдай жасауға, кәріз суларын рұқсат етілмеген жерлерде төгу деректерін азайтуға бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу