Ақтөбеде анасы баласын шайханаға тастап кеткен

548

Полицейлер үш апталық сәбидің анасын іздестіріп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақтөбеде анасы баласын шайханаға тастап кеткен Фото: polisia.kz

Жас келіншек баласын базар маңындағы шайханаға таңертең тастап кеткен.

"Сол жердегі қызметкерлерге барып ақша алып келгенше балаға бас-көз бола тұруын өтінген. Кешке дейін күткен әйел баланы тастап кеткен қыз келмеген соң полицияға қоңырау соққан", - деп хабарлайды Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Нәресте сәбилер үйіне орналастырылды. Дәрігерлер баланың жағдайы бір қалыпты деп отыр.

Қазіргі уақытта баланы тастап кеткен әйелді іздеу бойынша жедел іс-шаралары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу