Ақтөбеде анасы мен баласын көлік қағып, 3 жасар қыз мерт болды

156

Жолда камера мен бағдаршам қойылмаған. 

Ақтөбеде анасы мен баласын көлік қағып, 3 жасар қыз мерт болды Фото: Pixabay.com

Ақтөбе облысындағы Оңтүстік айналма жолда газель көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолағымен жолды кесіп өткен әйел мен баланы басып кеткен. Үш жасар бүлдіршін қатты соққыны көтере алмай көз жұмды, ал оның 32 жастағы анасы жансақтау бөлімінде жатыр. Әйелдің жағдайы ауыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Диапазонға сілтеме жасап.

ГМЗ ауданындағы Оңтүстік айналма жолда камера мен бағдаршам қойылмаған. Тұрғындар 10 қыркүйекте жергілікті билікке шағым жасап, жүргізушілердің жолаушылар жолағының белгісіне қарамай қатты жылдамдықпен өтіп кететінін айтқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу