Ақтөбеде анасы мен баласын өлтірді деген күдікті өз-өзіне қол жұмсады

627

Оқиға наурыз айында болған. 

Ақтөбеде анасы мен баласын өлтірді деген күдікті өз-өзіне қол жұмсады Фото: google.com

1 мамырда тергеу изоляторында кісі өлтірді деген күдікті азаматтың өз-өзіне қол жұмсағаны белгілі болды, деп хабарлайды ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде.

"Бұл дерек түнде болды. Кезекші ауысым дереу алғашқы медициналық көмек көрсетті. Қолданылған шараларға қарамастан тергеудегі адамды аман алып қалу мүмкін болмады. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригадасы тергеу жүргізіліп жатқан адамның өлімін растады", – деп хабарлады ведомствода. 

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келді. ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Еске сала кетсек, 2023 жылдың 29 наурызында Ақтөбедегі тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде 35 жастағы әйел мен оның 16 жасар ұлының мәйіттері табылып, марқұмның 13 жасар қызы ауруханаға жеткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу