Ақтөбеде анасы мен ұлын өлтірген күдіктіге жаза тағайындалмады

324

Күдікті уақытша қамау изоляторында өзіне өзі қол жұмсаған. 

Ақтөбеде анасы мен ұлын өлтірген күдіктіге жаза тағайындалмады Фото: RT

Ақтөбенің қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотында екі адамның өліміне қатысты іс қаралды, деп хабарлайды inbusiness.kz  сайты "Диапазон" басылымына сілтеме жасап. 

Оқиға былтыр, 2023 жылы 28 наурызда болған. Сот анықтағандай, 23 жастағы Әлішер есімді тұрғын төрт шөлмек сыра ішіп алып, Жеңіс көшесінің бойындағы екі қабатты үйдің пәтеріне кірген. Ол үйде екі баласымен бірге жалғызбасты ана тұратын. Әлішер үйге кіріп, қымбат заттар мен ақша іздей бастаған. Сол кезде 35 жастағы әйел оянып кеткен.

Күдікті әйел мен оның 16 жастағы ұлын сол жерде пышақтап өлтірген. Басқа бөлмеде ұйықтап жатқан жерінен оянған 13 жасар София есімді қызды да қылқындырып, пышақтаған жігіт оны өліп қалды деп ойлап, үйден қашып кеткен. Полиция мен құтқару қызметін сол 13 жастағы қыз шақырған. Алайда, күдікті сол жылдың сәуір айының соңында уақытша қамау изоляторында өзін өзі асып өлтірген болатын. 

Күдіктінің өліміне байланысты іс тоқтайтыны белгілі болғанда күдіктінің анасы марқұм ұлының кінәсіз екенін дәлелдегісі келіп, істі жалғастырған. Алайда, сот оның кінәлі екенін дәлелдеп шықты. Бірақ, өмірде жоқ болғандықтан, қылмыс жасаған адамға ешқандай үкім кескен жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу