Ақтөбеде анасы мен ұлының мәйіті табылды

896

Бұдан өзге 13 жасар қызы пышақ жарақатымен ауруханаға түсті.    

Ақтөбеде анасы мен ұлының мәйіті табылды Фото: newsroom.kz

Бүгін таңғы сағат 5 жарымда 102 нөміріне хабарлама түскен, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақтөбе облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Жедел тергеу тобы пәтерде денесінде зорлық белгілері бар 35 жастағы келіншек пен 16 жастағы ұлының өлі денесін тапқан. Ал 13 жасар қызы пышақ жарақатымен облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.

Оқушының қазіргі жағдайына қатысты: "Қыз балаға ота жасадық. Мойын  тұсы, қантамырдларына зақым келген. Жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр", - деді облыстың балалар ауруханасының бас дәрігері Рүстем Исаев.

Қылмыстық дерекке байланысты "Кісі өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы қылмысты жасаған адамдарды анықтауға және ұстауға бағытталған арнайы және жедел іс-шаралар өткізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу