Ақтөбеде анасын ұрып өлтірген күдіктіге сот үкімі шықты

4244

Ол ашуланғандықтан 84 жастағы анасын ұрған.  

Ақтөбеде анасын ұрып өлтірген күдіктіге сот үкімі шықты

Ақтөбеде қарт анасын ұрып өлтірген 51 жастағы ер адам 8 жылға сотталды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы diapazon.kz-ке сілтеме жасап.

Әйел төсек тартып жатқан. Сол кеште ұлы анасының кешкі асын берген. Алайда ана тамақты түкіріп, оны жеуден бас тартқан. Осы сәтте ашуға ерік берген ер адам оны басынан, бетінен, бір рет кеуде тұсынан да ұрған. Мұны ер адам сот отырысында айтты.

Кейін ұлы жедел жәрдем шақырған. Соққы іздеріне қатысты сұрақтарға оны 1 ай бұрын белгісіз біреу ұрып-соқты деп жауап берген. Соққылардан қарт әйел ми жарақатын алып, қабырғасы сынғаны анықталды. Қарт ана соққы салдарынан көз жұмған.

Осыдан соң оның ұлына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Сотта ер адам анасымен қарым-қатынасы бала кезден күрделі болғанын атап өтті. Ол анасымен түсінісе алмағандықтан, үйден жиі қашып кететінін айтқан.

"Сол кеште анамның тамақты түкіріп тастағаны ашуымды келтірді. Ол дәретін де астына жіберіп қоятын. Оны қанша рет ұрғаным есімде жоқ. Кейін жедел жәрдем шақырдым. Мен оны өлтіргім келмеген. Бәрі аяқ астынан болды", – деді күдікті.

Сот оны кінәлі деп танып, 8 жылға бас бостандығынан айырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу