Елдімекен тұрғындары осы күнді ұзақ күткен. Енді ауылға жаппай желі тарту үшін жергілікті жұрт тиісті мекемелерге өтініш беріп жатыр. Олар тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі мен әкімдіктің уәдесінен шаршаған жұрт талай табалдырықты тоздырған екен. 2018 жылы алғашқы үйлердің іргетасы қаланса да бүгінге дейін электр жарығынан басқа инженерлік желі іске қосылмаған. Қыс кезінде әр үй жылу үшін 800 мыңнан бір миллионға дейін ақша төлеп келген. Тіпті кейбір тұрғын үміт үзіп, қалада пәтер жалдап тұруға мәжбүр болыпты.
Ал ауылға тартылған көгілдір отын желісі 1 жыл бойы қосылмай тұрған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің іске араласуынан кейін газ берілген. Анықталғандай, мұржаларды тазарту кезінде кемшіліктер болған.
"Бүгінде Агенттікпен сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасы әзірленген. Осыған орай департамент әлеумет үшін өткір мәселелерге үнемі мониторинг жүргізіп, мақсатты жұмыстар жүргізіліп келеді. Осы Жаңақоныс-3 ауылының тұрғындары газ жөнінде шағымданған. Енді сол мәселелерді әкімдікпен бірге жұмыс жасап, газ қосу ісі қолға алынды" деп мәлімдеді Ақтөбе облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Алмат Мырзәлиев.