Ақтөбеде әпкесімен жанжалдасып қалған ер адам оның көлігін өртеп жіберді

127

Ақтөбе қаласында отбасылық жанжал соңы қылмыстық іске ұласты, деп жазады inbusiness.kz сайты Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап.

Ақтөбеде әпкесімен жанжалдасып қалған ер адам оның көлігін өртеп жіберді Фото: canva

42 жастағы ер адам әпкесімен болған келіспеушіліктен кейін оның көлігін өртеп жіберген.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам танысынан ыдыс алып, жанармай сатып алған. Кейін ол әпкесінің үйіне барып, сол жерде тұрған "Nissan Maxima" маркалы көлікті өртеген. Көлік толықтай жанып кеткен.

Оқиғадан кейін автокөлік иесі полицияға арыз түсірген. Тергеу барысында өртті қойған адамның оның туған інісі екені анықталды.

– Көлікке қасақана зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Жиналған дәлелдер негізінде күдіктіге құқықтық баға берілді, – деп хабарлады полиция.

Іс материалдары сотқа жолданып, сот отырысында жәбірленуші тарап інісіне кешірім беріп, басқа көлік алып берілгенін және оны қылмыстық жауапкершілікке тартпауын сұраған.

Сот барлық мән-жайды ескере отырып, айыпталушыны мүлікті қасақана жою бабы бойынша кінәлі деп танып, 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Сондай-ақ, сот шешімін бұзған жағдайда жаза бас бостандығынан айыруға ауыстырылуы мүмкін екені ескертілді.

Отбасы арасындағы жанжалдың нақты себебі сот үкімінде жария етілмеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу