Ақтөбеде 30-дан астам аялдама сенімгерлік басқаруға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ақтөбе аялдамаларына кәсіпкерлер жауапты. Қазіргі кезде 32 аялдама сенімгерлік басқаруға берілді.
"Ақтөбеде аялдама жеткіліксіз. Ал салынған аялдамаларды тазалау, күту жұмыстарына біз қаржы жұмсамаймыз. Сондықтан сенімгерлік басқаруға беріліп, аялдамаға жарнама орналастыруға мүмкіндік жасалды. Әр аялдама иесі ай сайын 22 мың теңге салық төлейді. Жөндеу, тазалау жұмыстары да кәсіпкерлердің міндетіне жүктелген. Тиімдісі осы болып тұр", – деді қала әкімінің орынбасары Ибраим Көзбаев.
Еске салсақ, 2017 жылдан бастап Ақтөбеге әйнекті аялдама орнатыла бастады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу