Ақтөбеде ардагер спортшы министрлікті сотқа беріп, ақша өндіріп алды

225

Талап қоюшы 27 құрама команданың спортшыларымен қатар жарысқа қатысып, ҚР үшін өнер көрсетіп, қатысушы елдердің жалпы медальдық есебінде ескерілген жүлделі орындарға ие болған. 

Ақтөбеде ардагер спортшы министрлікті сотқа беріп, ақша өндіріп алды Фото: Diapazon.kz

Гір көтеруден Қазақстанның халықаралық спорт шебері Бөгежан Аманбаев туризм және спорт министрлігіне қарсы сотта жеңіске жетіп, ақша өндіріп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жоғарғы соттың дерегінше, 2023 жылы өткен әлем чемпионатында Бөгежан Аманбаев 65-69 жас аралығындағы үш деңгей бойынша екі І және бір ІІ орынды жеңіп алды. Спортшы министрлікке шағымданғанымен, мемлекеттік мекеме ардагерлерге төлемақы қарастырылмаған ережелерді алға тартып бас тартты.

“Ережеге сәйкес жеке спорт түрлері бойынша халықаралық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, ұлттық құрама мүшелеріне ақшалай сыйақы төленеді. Әр спортшыға алған әр орыны үшін 100% көлемінде сыйақы төленеді. Бұл ретте халықаралық жарыстардың жеңімпаздары атанған спорт ардагерлеріне сыйақы төлеуге тікелей тыйым салынбаған”, – деп атап өтті соттың баспасөз қызметі

Бөгежан Аманбаев 27 ұлттық құраманың спортшыларымен бірге қатысқан. Сондықтан сот министрліктің уәждерін негізсіз деп тапты. Талап-арыз қанағаттандырылып, енді туризм министрлігі өтемақы төлеуге міндеттелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу