Ақтөбеде археологтар құнды жәдігерге реставрация жасап жатыр

562

Ол осыдан бес жыл бұрын Елек өзенінің бойынан табылған. Шамамен біздің заманымызға дейінгі 2-4 ғасырға жатады.

Ақтөбеде археологтар құнды жәдігерге реставрация жасап жатыр Фото: inbusiness.kz

Ақтөбелік тарихшы-археологтар мұны үлкен жаңалыққа балайды. Өйткені, мұндай ат-әбзелдері секілді жәдігердің табылуы некен-саяқ дейді. Өңдеу жұмыстарының нәтижесі Қазақстанда тұңғыш рет ғұн тайпасы батырының сауыт-сайманы, ер-тұрман, ат-әбзелдері қандай болғанын көрсетуге мүмкіндік береді.

"Бұл жұмыстар арқылы  әлемге кезіндегі көшпенді ғұндардың мәдениеті, тұрмыс-тіршілігі  қалай болғанын көруге мүмкіндік береді.  Экспонаттарға қарап, бұл жас жігітке тиесілі болған деп топышладық. Ғұн тайпасының элитасы болуы әбден ықтимал. Себебі, ат-әбзелдері, жанына бірге жерлеген қылыштың сабына дейін алтынмен, зергерлік тастармен безендірілген. Карьер қазып жүрген жұмысшылар кездейсоқ тауып алғаннан кейін, экскаватормен қазған кезде, біраз бүлінген. Сондықтан, ұсақ-ұсақ  элементтердің барлығын тірнектеп жинап, желімдеп, құрастыруға тура келді, "- деді Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұражайының аға ғылыми қызметкері Аслан Мәмедов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу