Ақтөбеде арнайы мекемеде тәрбиеленіп жатқан балаларды ұрып-соққан

451

Ақтөбе қалалық прокуратурасына мекеме қызметкерлерінің балаларды ұрып-соққаны туралы хабарлама түскен. 

Ақтөбеде арнайы мекемеде тәрбиеленіп жатқан балаларды ұрып-соққан Фото: видеодан скриншот

Деректі анықтау мақсатында прокуратура қызметкерлері қорғаншылық және қамқоршылық органының, облыстық  жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының өкілдерімен, полиция қызметкерлерімен және медицина қызметкерлерімен бірлесіп мекемеге барған. 

"Бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеу арқылы № 1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкерлерінің балаларды ұрып-соғу фактісі анықталды.

Қазіргі таңда  қылмыстық іс қозғап, тергеу үшін Ақтөбе қаласының полиция басқармасына жолдадық", дейді Ақтөбе қалалық прокуратурасы бөлімінің аға прокуроры Ләззат Тайланова.

Әлеуметтік орталықта қазір 4 жастан 18 жасқа дейінгі психоневрологиялық патологиясы бар 55-мүгедек бала бар. Орталықтың өз ғимараты болмағасын, "Үміт" сәбилер үйінің   744 шаршы метр жерін пайдаланып отыр.  Ақтөбе облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әнуарбек Қонжардың айтуынша, мұның өзі таршылық етеді.

"Қазір облыстық әкімдікпен бірлесіп,  басқа ғимаратқа көшіру жағын қарастырып жатырмыз. Балалардың барлығы   психоневралогиялық ауытқулары бар 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар. Оның жартысы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар", дейді Әнуарбек Қонжар. 

Әлеуметтік орталықта бұған дейін ұрып-соғу дерегі тіркелген болатын. 

Былтыр  тәрбиеленушілерді ұрып-соққаны үшін осы мекеменің   3 қызметкері сот алдында жауап беріп, оларға    бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындалды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу