Ақтөбеде аса ірі мөлшердегі салықтан жалтарған қос кәсіпкер сотталды

324

Салық және бюджет төлемдері 1,4 млрд теңгеге жеткен. 

Ақтөбеде аса ірі мөлшердегі салықтан жалтарған қос кәсіпкер сотталды Фото: freepik

Ақтөбеде сот "Азия Бақанас" ЖШС басшысы Ақыш М.-ға және Қытай Халық Республикасының азаматы CHEN GUOQING (Чэнь Гоцын) қатысты жалпы сомасы 1,4 млрд теңгеге жуық аса ірі мөлшерде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару бойынша қылмыстық істі қарады. Бұл туралы ҚМА баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тергеу барысында анықталғандай, ұйымдастырушы Чен Гоцин алдын ала келісе отырып, "Азия Бақанас" ЖШС-ін 2014-2020 жылдар аралығында Ақыш Мұратқа қайта тіркеп, сенімсіз жеткізушілермен жалған мәмілелер жасау арқылы салық төлеуден жалтарған. Сот үкіміне сәйкес Чен Гоцын 3 жылға, Ақыш Мұрат 4 жылға бас бостандығынан айырылып, алынбаған салық сомасын бірлесе өтейтін болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу