Ақтөбеде "Гарант 24 Ломбард", "Выгодный займ" және басқа да компаниялардың ісі бойынша үкім оқылды – сотталушылар 7 жылдан 18 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Аталған қаржы пирамидаларының заңсыз әрекетінен елімізде 17 мыңнан астам адам зардап шеккен. Келтірілген залалдың ақшалай көлемі 30 млрд теңгеден асады. Сотталушылардың жалпы саны 48 (3 адам әлі іздеуде).
Еске сала кетсек, 2020 жылы Ақтөбеде қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен Gold деген компанияның басшылары ұсталды. Оның соңынан 21 ақпан күні "Гарант 24" "Выгодный займ" мүшелері ұсталды.
Сол күні алаяқтық ісі бойынша тергеу басталды. Полиция бірден 15 аймақтық директорды ұстады. Ал осы ЖШС-нің тағы үш директоры мен үш құрылтайшысы – Есіркепов, Мырзабеков, Елеуовтарға іздеу жарияланып, соңынан ұсталды.
Ақтөбе қаласының № 2 сотының үкімімен Ж. Есіркепов, Н.Танбашев 18 жыл мерзімге қаржы және коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырып, мүлкі тәркіленіп, 10 жыл мерзімге жаза тағайындалды.
А.Мырзабековке мүлкі тәркіленіп, 10 жыл мерзімге қаржы және коммерциялық ұйымдарда басшы лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 16 жыл;
Князбаева Д. - 13 жыл, мүлкі тәркіленіп, 10 жыл мерзімге қаржылық және коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырылады. Қалғандарына - 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы беріледі.
Осы жылдың 26 тамызында үкім ішінара, оларды кінәлі деп тану және тағайындалған жаза бөлігінде жария етілді. Үкімнің қарар бөлігін оның көлемді болуына байланысты бір апта ішінде толық жариялау күтілуде. Үкімді жариялау 2022 жылғы 31 тамызда, сағат 9 сағат 30да жалғасады.