Ақтөбеде екі күнде 2 мыңға жуық адам құжат тапсырды, деп хабарлайды aktobenews.kz.
"Адалдық алаңы" кеңсесінде Ақтөбе облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қайрат Отаров тұрғындардың жеке сұрағына жауап берді.
"Әр адамға 20789 теңгеден есептеледі. Отбасы кірісі осы сомадан асып кетсе, атаулы әлеуметтік көмек берілмейді. Сонымен қатар, кіріске студенттердің шәкіртақысы, мүгедектердің жәрдемақысы есептелмейді. Күміс алқа, Алтын алқа, 10500 теңге ретінде есептелген көпбалалы аналардың ақшасы да кіріс ретінде саналмайды. Жұмыспен қамту бөлімінің мамандары берген ақпаратты тексеру үшін адамдардың үйіне де барады. Сол арқылы тұрғындардың әлеуметтік картасы жасалады", – деді Қайрат Отаров.
Айта кетейік, атаулы әлеуметтік көмекті есептеу кезінде мал басы кіріске есептеледі. Сонымен қатар, алимент те кіріс болып саналады.