Ақтөбеде атты патрульдер құрылды

905

Полицейлер бұл әдісті тиімді деп бағалауда.  

 Ақтөбеде атты патрульдер құрылды

Ақтөбе облысында атты полицейлер жұмысқа кірісті. Олардың міндеті – саяжай массивтері мен көшелерде тәртіптің сақталуын бақылау, - деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

Сондай-ақ, атқа мінген тәртіп сақшылары жағажайлардағы жағдайды қатаң бақылайды. Олар күнделікті сағат 15.00-ден 22.00-ге дейін Қарғалы және Елек өзендерінің жағасында орналасқан жағажайлар мен саяжай алқаптарын назарда ұстап отырады, себебі, жаздың аптап ыстығында белгіленбеген жерде суға түсетін тұрғындар саны азаймауда.

"Судағы ересектер мен балалардың мінез-құлқы полиция үшін ерекше алаңдаушылық тудырады. Жыл басынан бері облыстың су айдындарында 6 адам суға батып кетті, оның 3-і – бала. Қазіргі күні жергілікті көлдер мен өзендердің жанында онға жуық патрульдеу маршруттары әзірленді, олардың 8-і атты полицияның бақылауында болады. Жалпы саны 16 атты полицей жұмысқа жұмылдырылды", - дейді ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ардана Саймағамбетов.

Тәртіп сақшылары көлік жүре алмайтын кез-келген жерге бара алатын және жүріп-тұруға қолайлы саналатын ат үстіндегі қызметті тиімді деп бағалап отыр.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу