Шалқарда оқ жаудырып, екі адамды жаралап, бірін өлтірген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
27 шілдеде таңғы 04.33 сағат шамасында Шалқар аудандық полиция бөлімшесіне Әйтеке би көшесіндегі "Мерей" сауда үйінің маңында атыс болып, үш ауыл тұрғыны ауруханаға жараланып түскені хабарланған. Жарақат алған адамның бірі ауруханада көз жұмған.
Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, полиция қызметкерлері қылмыстың ізін суытпай 21 жастағы жергілікті тұрғынды ұстаған, ол өз кінәсін мойындады.
"Күдіктінің стадион маңына тыққан 16 калибрлі мылтығы да тәркіленді. ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабына, яғни "Кісі өлтіру" бабы бойыннша сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды. Күдікті қамауға алынды",– делінген хабарламада.